Аннотация:Мақалада XVIII-XIX ғ. қазақ қоғамынының дəстүрлі билер институтын зерттеудегі Қазақстан Республикасы жəне Ресей Федерациясының зерттеушілерінің қазіргі заманғы тұжырымдамалық тəсілдері қарастырылады. Кеңес Одағының ыдырауынан кейін тарихшылар, заңгерлер жəне басқа да гуманитарлық бағыттардың өкілдері ескі таптаурынды концепциядан алшақ кетіп қана қоймай, дəстүрлі қоғам тарихын зерттеуде жаңа концептуалды бағыттарды құрастыру амалдарын жасады. Қазақтардың құқықтық институттарын, соның ішінде бидің тарихын зерттеуде заманауи ресейлік жəне қазақстандық зерттеушілердің алдында ортақ ғылыми бағыттарды жасап шығару тұрды.
Тірек сөздер: ресейлік жəне қазақстандық заманауи тарихнама, қарапайым құқық, билер институты